ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК!
Түркістан облысы, Отырар ауданы ,,М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-і базасының 2024 жылдың 12 желтоқсан жұлдызында ,,Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бағытында еліміздің Тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай, 33 мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға тәуелсіздік жылдарында қызмет еткен мектеп басшылары : Шарапат Қожаахметқызы, Мейрамгүл Полатқызы, Медет Башар, Нұрлан Аубакірұлы және де мектептің ардагер зейнеткер ұстаздары құрметті қонақ болып қатысты.
,,Тәуелсіздік -тұғырым!" тақырыбында сынып сағаттарынан бастау алған күн тынысы, кезекті кезеңде ардагер ұстаздар есімі берілген кабинеттер лентасын қиюмен ұласты. Сүнәтіллаев Нұртаза Сүнәтіллаұлы, Рысты Абжалқызы, Балжан Медеуқызы, Шарипа Мәуленова мен Рахия Алпысбайқызы атындағы кабинеттердің ашылу салтанатына Отырар аудан әкімінің орынбасары - Айдос Құлмаханұлы мен аудандық білім бөлімінің әдіскер маманы-Әділ Кенебаев келді. Сондай-ақ, кітап оқуға жағдай жасау мақсатында COWORKING орталығы мен ашық аспан астындағы ,,Математикалық алаң" ашылды.
,,Жас ұлан", "Жас қыран,, бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатында құрметті ардагер қонақтар шәкірттерге мойынтақ тағып, ізгі тілектерін айтты. Бала танымын, тағлымын арттыру мақсатында, зейнет жасына жеткен құрметті ұстаз Жиенбай Сәрсенбайұлы- ның зейнетке шығу мерейтойына ұштастыра, Ж.Сәрсенбайұлы атындағы аудандық ,,Шахмат турнирі" өткізіліп, жеңімпаздар мен қатысушылар жекелей, топтық марапатталды. 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ,,Толағай" спорттық сайысына жанкүйерлік еткен қонақтар, шәкірттер болашағына толағай табыстар тілейтіндігін жеткізді.
Жоғарғы сынып оқушылары ,,Физика сабағында жасанды интеллектті пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және практикалық-эксперименттік дағдыларын жетілдіру" тақырыбында дебат сайысын өткізіп, оқушы интеллектісінің заманауи көзқарасын жан-жақты пікірде атап өтіп, көрермендерге жоғары деңгейде таныта алса, Отырар ауданы әкімінің орынбасары А.Құлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектебіміздің үздік ұстаздарына ,,Тәуелсіздіктің 33 жылдығы" мерекесі қарсаңында мадақтама қағаздармен марапаттады.
Іс-шара ,,Жетістігімді еліме арнаймын" #challenge 440 оқушы мен мектеп ұжымының және де құрметті қонақтардың қатысуымен Е.Хасанғалиевтің ,,Атамекен" әнін орындаумен қорытындыланды. ,,
Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы" деп Фараби бабамыз айтқандай, Отанымыздың ертеңі, бүгінгі жас қырандарымыз, Тәуелсіздік тұғырының шежіресіне қанып, өз тарихының тереңіне бойлағаны көпшілік көңілін қуантты.