«Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде!» өнер фестивалі
“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде!» атты өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өнер мен білімді ұштастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Фестивальдің ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері Серғазы Рысбай және мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Олар оқушылардың өнерге деген ынтасы мен белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Фестиваль барысында түрлі өнер жанрлары қамтылды. Оқушылар әсем әндер шырқап, мың бұрала би билеп, әсерлі көркемсөз оқылды. Әрбір нөмір жоғары деңгейде орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, олардың рухани дамуына, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне ықпал етеді. «Біздің бірлігіміз – болашақтың білімінде!» атты фестиваль мектеп өміріндегі жарқын әрі есте қаларлық оқиғалардың бірі болдыhttps://www.facebook.com/share/v/1FGPT3DJoZ/