"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің" 10 "Ә" сынып оқушылары, сынып жетекшісі - А. Ибрагимова, "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу -басты міндет" тақырыбында ашық тәрбие сабағын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты - Оқушыларға құқықбұзушылықтың қоғамға және жеке адамға зиянды екенін түсіндіру;
Заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру;
Құқықтық сауаттылықты арттыру, жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін дамыту.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сай бейнесюжет көріп көріп қана қоймай, оны талқылады; сұрақ-жауап арқылы өз пікірлерін ортаға салды; тақырыпқа сай тапсырмалар орындады. Ең бастысы, балалар құқық бұзудың өзі үшін де, қоғам үшін де қаншалықты зиян екенін түсіне, түйсіне алды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1061106672477377/
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1318370905965168/
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1093969352734420/