** Бүгінгі коучинг: "Жасанды интеллект – цифрлы Қазақстанның мүмкіндігі"
**
**Цифрлы Қазақстан** бағдарламасы білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруде. Мұғалімдерге заман талабына сай білім беру технологияларын меңгеру аса маңызды. Осы мақсатта **"Жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді пайдалану"** тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Анарбекова Айдана коучинг сабақ өтті.
**Коучинг барысында пайдаланылған платформалар:**
**ChatGPT** – интеллектуалды көмекші, мәтін өңдеу, идея генерациясы
**Bamboozle** – оқушыларға қызықты викториналар мен ойындар жасау
**KAZMATH** – математиканы үйретуге арналған инновациялық құрал
**ObjectViewer 3D** – пәндерді 3D модельдер арқылы көрнекі түсіндіру
**Электронды визитка** – мұғалім мен оқушының жеке цифрлық портфолиосы
**Пазл құрастыру** – логикалық ойлауды дамытатын интерактивті жаттығулар
**Mozaik Education** – анимациялар мен интерактивті ресурстар арқылы сабақ өткізу
**Padlet тақтасы** – бірлескен жұмыс пен кері байланыс құралы
**Gamma AI** – жасанды интеллект көмегімен презентация жасау
**Virbo** – мәтінді кейіпкердің дауысына айналдырып, сөйлету
**Авторлық электронды кітап – мұғалімдерге арналған көмекші құрал!**
Коучинг аясында жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді пайдалану бойынша **өзінің авторлық электронды кітабын** шығарып, мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынды. Бұл кітап ұстаздарға жаңа технологияларды оңай игеруге және оларды сабақ барысында тиімді қолдануға көмектеседі.
**"Цифрлы Қазақстан" аясында жасанды интеллект құралдарын меңгеру – сапалы білім берудің кепілі!**
Коучинг соңында мұғалімдер **Padlet тақтасы** арқылы кері байланыс беріп, бірауыздан **"Керемет!"** деген бағасын берді. Барлығы осындай пайдалы тренингтердің жиі өтуін қалайтынын жеткізді.
**Болашақ – сандық технологияларды меңгерген мұғалімдердің қолында!**
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1147389966888265/