М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Бүгінде білім саласында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңына сәйкес түрлі байқаулар мен олимпиадалар көптеп өткізілуде. Соның бірі «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық пе

Жас келсе іске!

Бүгінде білім саласында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңына сәйкес түрлі байқаулар мен олимпиадалар көптеп өткізілуде. Соның бірі «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасын атап айтуға болады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде қызмет етуге дайын болуға шыңдайды.

Педагогикалық олимпиада педагог тұлғасының шығармашылық еркіндігінің кеңістігін, зерттеушілік ізденістің бағытын таңдауды, педагогикалық өзін-өзі көрсету тәсілдерін, тұлғалық және кәсіби жолының одан әрі жолдарын шоғырландыруды көздейді.

«Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ауданымызда жас мамандардың қатысумен олимпиада болып өтті.

Бұл олимпиадаға М.Шаханов мектебінің ұжымы еңбек өтілі 5 жылдан аспаған 7 жас мамандарымызды іріктеп, рухани қолдау көрсетіп, қатысуына мүмкіндік жасады. Ата-бабамыз айтқандай «Жас келсе, іске!» дегендей мектебіміздің құрамы жастардан болғандықтан, онық үстіне жас болсада бір ұжымды басқарып отырған осы мектептің түлегі мектеп басшысы Н.Баубековтің басқаруымен, директордың бейіндік оқыту орынбасары, осы мектеп түлегі математика пәні мұғалімі Д.Оспановтың қолдауымен 7 жас маманымыз өз бақтарын сынауға олимпиадаға қатысты. «Жас мамандар» бірлестігінің жетекшісі көп жылдық тәжірибесі бар Э.Асанбекова өз көмегін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісіп жас мамандарды ширатып, шыңдалуына септігін тигізді.

Атап айтсақ; математика пәні бойынша: О.Әсетов «Педагогикалық идея: Асық ойындарына байланысты әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұлттық ойын түрлерін сабақтарында пайдалану барысында оқушыларды ұлттық құндылықты оқушылардың бойына сіңіруді мақсат еткен; тарих пәнінен Е.Назымбек «Жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру» тақырыбында оқушыларды ұлттық мүддеге тәрбиелеу және біртұтас тәрбие құндылықтарын оқушы бойына дарыту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, информатика пәнінен Д.Әлімбетова «Болашақтағы жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбында оқушыларды жасанды интеллекттің түрлерін таныстыру арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру жұмыстарын көрсете білген; орыс тілі мен әдебиеті пәнінен А.Смайлова «Развитие речи учащихся на уроках русского языка и литературы» тақырыбында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын түрлі педагогикалық әдістерді тиімді пайланғанын шығармашылығында көрсете білген; бастауыш сынып мұғалімі Г.Егембердиева «Бастауыш сыныптардағы дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру әдістерін шығармашылығында тиімді пайдаланған, көркем еңбек пәнінен «Алтын оймақ » үйірме жетекшісі Қ.Айнақұл «Заманауи әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып жұмыс жасау, өлі затқа екніші өмір сыйлау» тақырыбында оқушыларды қол өнер шеберлігіне баулу тұрғысынан, ұлттық құндылықтарды дәріптеу барысында қол өнер бұйымдарын жасауға бейімдеу жұмыстарын көрсете білді, тәлімгер А.Әсетова өзін-өзі таныстыруда: «Мен балалық шақтың штурманымын» тақырыбында өз шығармашылығын дамыту барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша мектеп тынысына жаңаша бағыт-бағдар беру барысында оқушылармен тығыз жұмыс жасап жүрген жұмыстарын қорғап шықты. Аудандық байқаудан Д.Әлімбетова, Г.Егембердиева мектебіміздің үмітін ақтап, ІІІ орынды иеленіп, 5 мұғаліміміз облыстық олимпиадаға жолдама алды.

Мектебіміздің үмітін ақтап облыстық олимпиадан математика пәні бойынша О.Әсетов, орыс тілі пәні мұғалімі А.Смайлова, тарих пәні мұғалімі Е.Назымбек, көркем еңбек пәні мұғалімі Қ.Айнақұл, тәлімгер А.Әсетова ІІІ орын игері болып жүлдемен оралды. Мектебіміздің абыройын асқақтатып, жеңіспен келген ұстаздарымызға ұжым атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен марапаттар беріліп, сый құрмет көрсетілді. Алдағы уақыттарда биік белестерді бағындыра беруге тілек білдіріп, шығармашылық табыс тіледік.