Бүгін мектебімізде “Аймақтық жарыста” 7-8 сынып оқушылары арасында өткен “Асық ату” спорттық жарысында мектебіміздің намысын қорғаған оқушылар тамаша нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 7 “Ә” сынып оқушылары Әліпбек Ақселеу мен Бекмұрза Дәулет, сондай-ақ 8 “Ә” сынып оқушысы Әмірбай Нұртілеу үздік ойын өрнегін көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Осылайша, олар облыстық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Жарыс аудандық білім бөлімінің әдіскері Болат Пазылбек пен “Асық ату” үйірмесінің жетекшісі Әбжанов Нұғман ағайдың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Бұл жеңіс оқушылардың табандылығы мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Алдағы уақытта да шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!