М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Бүгін мектебімізде “Аймақтық жарыста” 5-6 сынып оқушылары арасында өткен “Асық ату” спорттық сайысында мектебіміздің 6-сынып оқушылары өздерінің шеберлігі мен білімін жоғары деңгейде көрсетті.

Бүгін мектебімізде “Аймақтық жарыста” 5-6 сынып оқушылары арасында өткен “Асық ату” спорттық сайысында мектебіміздің 6-сынып оқушылары өздерінің шеберлігі мен білімін жоғары деңгейде көрсетті. 6 “Ә” сынып оқушылары Жақсыбеков Нұржан мен Жамалбек Сержан және 6 “Б” сынып оқушысы Баян Нұртілеу ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, қарсыластарын шаң қаптырып, 1-орынды иеленді. Осылайша, олар облыстық кезеңге жолдама алып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатты.

Бұл жетістік – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсібилігінің нәтижесі. Аталмыш жарыс аудандық білім бөлімінің әдіскері Полат Пазылбеков пен “Асық ату” үйірмесінің жетекшісі Әбжанов Нұғман ағайдың қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Жарыс барысында шәкірттеріміздің асқан табандылығы мен жеңіске деген ынтасы олардың алдағы кезеңдерде де зор табысқа жететінін айғақтайды. Жеңімпаздарға алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Мектебіміздің мақтаныштары, тек биіктерден көріне беріңдер!