Бүгін “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ базасында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда және өмірге бейімдеуде үйірме жұмысының тиімді жолдарын көрсету, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Семинар бағдарламасы аясында:
- Отырар ауданының 90 жылдығына арналған көрме
- «Болашаққа эко қадаммен» шебер сынып – Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп
- «Эбру өнерімен таныстыру арқылы сурет салу» шебер сыныбы – Қ.Сатбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
- «Абайдың асыл мұралары» сайыс сабағы – Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
- «Жасанды интеллекттің (ЖИ) пайдасы мен зияны» дебаты – М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
- «Әке, ана, бала» толғауы
- «Жасанды интеллект (ЖИ): мұғалімнің жаңа көмекшісі» коучинг сабағы
- Концерттік бағдарлама
- Қорытынды пікір алмасу және кері байланыс
Семинар барысында қатысушылар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен өмірлік дағдыларды қалыптастыруда үйірме жұмысының маңызын талқылады.
Семинарды ұйымдастырушылар:
Облыстық білім беруді дамыту орталығы қосымша білім беру әдіскерлері Б.Б.Қаймолдаева, Аудандық білім бөлімнің әдіскері Арын Ахметжан
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі мен мектеп директоры: Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы
Семинар барысында өткізілген шеберлік сабақтар, дебат және концерттік бағдарлама қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1889113058681765/





