Бүгін – Кітап күні!
Кітап — жан азығы, ақыл мен жүректің шамы. Әр парағы – жаңа әлем, әр сөйлемі – рухани жолсерік.
Түркістан облысы, Отырар ауданы, “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” кітапханасына мектебіміздің 30 жылдық түлектері — Жүнісбаев Ербол, Құрақбаев Жандос және Мұратбеков Үсен — 23 сәуір Ұлттық кітап күні мерекесіне орай 30 кітап тарту етті.
Олар кітап әлемін насихаттай отырып, жас ұрпақты жаппай кітап оқуға шақырды.
Жомарт түлектерімізге алғыс білдіреміз!
Кітап — мәңгілік мұра!