АУДАНДА ЖАС ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІНІҢ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Бүгін 07.02.2025 жылдың Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Шалқыған Шәуілдір - 2025» аудандық жас эстрада әншілерінің ән байқауы өтті. Аталған шара композитор, сазгер Ш.Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Е.Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін, рухани –париоттық сезімін ояту болып табылады.
Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы қатысып, өнерпаз дарынды жастарға сәттілік тіледі.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әншілер сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаса, екінші кезеңде сайысқа қатысушылар Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындады. Үміткерлерге әндерін арнайы жазылған (минусовка) немесе аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындау міндеттелді.
Байқау қорытындысы бойынша М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Көркемөнерпаздар" үйірме жетекшісі Сүнатіллаев Мирас ағайдың шәкірті Досбол Ханшайым 1-орын иегері атанып облысқа жолдама алды. Келесі облыстық байқауда сәттілік тілейміз.
Ән додасына тәжірибелі өнер иелері қазылық етіп, әділ бағасын берді. Байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған дарынды жастар алғыс хаттармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1297190538153876/
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1686657855248497/