М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – ата-аналарға, әріптестерге немесе қонақтарға мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы тәрбие-білім беру процесінің қалай ұйымдастырылатынын көрсету. Раимбекова А. мектепалды “Ә” сыныбына арналған “Тәрбиелеу-білім беру про

Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – ата-аналарға, әріптестерге немесе қонақтарға мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы тәрбие-білім беру процесінің қалай ұйымдастырылатынын көрсету. Раимбекова А. мектепалды “Ә” сыныбына арналған “Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы” тақырыбында Ашық есік күнін ұйымдастырған екен.

Ашық есік күнінің мазмұны:

1. Кіріспе бөлігі

  • Қонақтарды қарсы алу, іс-шараның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
  • Циклограмма ұғымын түсіндіру (күн тәртібі, балалардың күнделікті іс-әрекеті).

2. Негізгі бөлім

  • Таңертеңгілік қабылдау: Балалардың көңіл-күйін көтеру, жаттығулар жасау.
  • Дамытушы іс-әрекеттер: Оқу қызметі, шығармашылық сабақтар.
  • Ойындар: Танымдық, қозғалыс, рөлдік ойындар.
  • Серуен: Табиғатты бақылау, қозғалыс белсенділігі.
  • Түскі ас және тынығу: Балалардың дұрыс тамақтануы мен демалуын ұйымдастыру.
  • Кешкілік бос уақыт: Балалардың жеке қызығушылықтарын дамыту.