“Анаға хат” тренинг сабағы
2025 жылдың 6 наурызында “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ базасында 2024-2025 оқу жылының екінші жарты жылдық жоспарына сәйкес “Шебер” әдіс бірлестігінің іс-шара жоспары аясында ерекше тренинг сабағы өтті. Бұл шараны мектептің педагог-психологы А. Маханова ұйымдастырды.
3”Ә” сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысқан “Анаға хат” атты тренинг-сабақтың басты мақсаты – бала мен ана арасындағы тығыз байланысты нығайту, аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіру болды.
Тренинг барысында балалар жүректерінен шыққан ең асыл тілектерін, алғыстары мен сүйіспеншіліктерін хат арқылы жеткізді. Анаға арналған әрбір жол шынайылық пен мейірімге толы болды. Ал аналары өздеріне арналған хаттарды оқып, ерекше сезімге бөленді. Жылы сөздер жүректеріне қуаныш сыйлап, жүздеріне шаттық ұялатты.
Бұл әсерлі тренинг балалардың ата-аналарына деген құрметін арттырып қана қоймай, олардың жан дүниесін байытуға, ішкі сезімдерін еркін білдіруге үйретті. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!