М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Алтын оймақ” үйірмесінің ерекше ашық сабағы Мектебімізде “Ашық есік” күніне орай “Алтын оймақ” үйірме жетекшісі Айнақұл Қарашаш “Кесте өнері” тақырыбында ерекше ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың басты ерекшелігі – тек оқушылар ғана емес, олардың ата-анал

“Алтын оймақ” үйірмесінің ерекше ашық сабағы

Мектебімізде “Ашық есік” күніне орай “Алтын оймақ” үйірме жетекшісі Айнақұл Қарашаш “Кесте өнері” тақырыбында ерекше ашық сабақ өткізді. Бұл сабақтың басты ерекшелігі – тек оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары да белсене қатысып, пайдалы тренингтен өтті.

Сабақ барысында оқушыларға кесте өнерінің қыр-сыры түсіндіріліп, түрлі сұрақтар қойылып, қызықты тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Ал ата-аналар үшін арнайы ұйымдастырылған тренинг сабақ ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсті. Жылылыққа толы бұл шараға жиналған ата-аналар өз ойларын ортаға салып, әсерлі сәттерге куә болды.

Сабақтың маңыздылығын ерекше бағалаған мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Дүйсенбаев жоғары деген баға беріп, Қарашаш апайдың еңбегін ерекше атап өтті. Сабақ соңында әрбір ата-анаға Қарашаш апай өз қолынан жасаған керемет сыйлықтарын табыстап, ризашылық білдірді. Келген ата-аналар да өз алғыстарын айтып, осындай мазмұнды сабақтардың жиі өтуін тіледі.

Бұл шара тек өнерге баулып қана қоймай, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1644603933108596/