М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАСЫ ҚОСЫЛСА, ТӨР - ҰСТАЗДІКІ

АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАСЫ ҚОСЫЛСА, ТӨР - ҰСТАЗДІКІ

Бүгін М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп қабырғасында ерекше мерекелік іс шара болды. Ардагер ұстаздар қауымы қонаққа шақырылды. Ізгі дәстүрге сай қадірлі ұстаздарға шапан жауып, гүл шоқтары табысталды.

Құттықтау сөз сөйлеген мектеп директоры Нұрдәулет Бейсенбайұлы ұстаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық тілеп,олардың еңбегінің ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Осы қуанышты күнмен тұспа-тұс мектеп ұжымы орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің ұлағатты ұстазы Исаева Айгүл Мұқтарқызын зейнет жасына құрметпен шығарып салды.

,,Алты Алаштың басы қосылса, төр -ұстаздікі" дегендей, әрбір ардагер ұстаздың еңбегі- кейінгі ұрпақ үшін өлшеусіз қазына.

Бұл шара - ұстаз еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісі. Ардагер ұстаздарға қызмет ете жүрген жас мамандар үшін бұл сәт - үлгі ғана емес, өз ұстаздық жолының жауапкершілігі мен абырой жүгін сезіндіру. ,,Ұстаз - ұлттың рухын көтеретін тұлға" дегендей, бір күн ұстаз атанған жан, қашанда Ұлы тұлға келбетінде қала бермек

Қадірменді Ардагер ұстаздар, біз сіздермен мақтанамыз! Сіздер үйреткен тәлім-тәрбие мен өнеге жолы , жас ұрпаққа әрдайым бағыт-бағдар, өмір айдыны кемесінің ескегі болып қала береді.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/4102113400063196/