М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) Түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында “Түркі әлемі географтарының ІІ Халықаралық конгресі” өтті. Конгресс аясында түркі елдеріндегі білім беру жүйесін же

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) Түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында “Түркі әлемі географтарының ІІ Халықаралық конгресі” өтті.

Конгресс аясында түркі елдеріндегі білім беру жүйесін жетілдіру, су ресурстарын басқару, табиғи қауіп-қатерлерді болжау және табиғи ресурстарды цифрлық технологиялар арқылы тиімді басқару сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден келген 50-ге жуық ғалым өз жобаларын ұсынды.

Осы маңызды шараға қатысқан М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Б. Нысанбаева экология секциясы бойынша баяндама оқып, арнайы сертификатпен марапатталды.

Әріптесімізге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!