М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

**Ақ халатты абзал жандарға құрмет** 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай **М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің** директоры **Н. Баубеков** білім ордамызда еңбек ететін аяулы аналар мен аруларды құттықтап қана қоймай, ақ халатты абзал

**Ақ халатты абзал жандарға құрмет**

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай **М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің** директоры **Н. Баубеков** білім ордамызда еңбек ететін аяулы аналар мен аруларды құттықтап қана қоймай, ақ халатты абзал жандарға да ерекше ілтипат білдірді.

Қосымша білім беру педагогы Н.Бейсенова мен қолөнер үйірме жетекшілері Қ.Айнақұл және Ж.Бейсеева арнайы **Шілік ауылының емханасына** барып, медицина саласында қызмет етіп жүрген нәзік жандыларға ақжарма тілектерін жеткізді. Үйірме оқушылары өз қолдарымен дайындаған ерекше сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Өз кезегінде **Шілік ауылының бас дәрігері Т. Адырбаева** осындай құрмет көрсеткені үшін мектеп ұжымына алғыс айтып, ізгі лебізін білдірді.

Әлемнің әр түкпірінде өмір сыйлап, адам саулығы үшін аянбай тер төгіп жүрген барша ақ халатты жандарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріне табыс тілейміз!

**Сіздерге деген құрметіміз шексіз!**https://www.facebook.com/share/v/1BNpxfmvkg/