Айдос Мәулен Қалдыбайұлын еске алу кеші
Адам өмірі – артында қалған ізімен, жасаған жақсылығымен, өнегелі ісімен өлшенеді. Осындай жарқын ғұмыр иесі, асыл азамат, білікті маман болған Айдос Мәулен Қалдыбайұлын еске алу кеші жүрекке жылылық, сағынышқа толы сәттермен өрілді.
Кештің шымылдығын Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай, марқұмның асыл анасы Қалыбекова Баян Әріпбайқызы, ағасы Елдос Қалдыбайұлы, қарындасы, ұл-қыздары және мектебіміздің директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы салтанатты түрде ашып берді.
Кеш барысында Айдос Мәулен Қалдыбайұлының өмір жолы, еткен еңбегі, ұлағатты тұлғалық қасиеттері жайлы баяндамалар оқылып, жиналған жұртшылыққа рухани әсер сыйлады. Оның жарқын бейнесі мен ізі қалған естеліктер көрініс тауып, музыкалық арнаулар тарту етілді.
Сонымен қатар, Айдос Мәулен Қалдыбайұлының есімін ұлықтау мақсатында ұстаздар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Жарысқа 10 команда қатысып, волейболдан тартысты бәсеке өтті. Бұл дода тек жарыс емес, бауырмалдық пен бірліктің белгісі, оның рухына деген құрметтің айғағы болды. Жарысқа қатысқан командалар үшін:
I орын - 30.000тг
II орын - 20.000тг
III орын - 10.000тг
Кубок, медаль, сертификаттар және қатысқан барлық командаға қаржылай қолдау көрсетілді.
Бұл кеш – асыл азаматтың рухына тағзым, естеліктерге құрмет, кейінгі ұрпаққа өнеге. Ол кісінің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.