21 НАУРЫЗ – ЫНТЫМАҚ КҮНІ
“Наурызнама” онкүндігі аясында “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн әртүрлі ұлт өкілдерінің татулығын, достығын және өзара сыйластығын нығайтуға арналды.
Мерекелік шара аясында оқушылар мен ұстаздар ұлттық дәстүрлерді насихаттап, өзара жылы лебіздерімен бөлісті. Түрлі ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыратын көрмелер, ән-жыр, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға қосымша білім беру педагогы Н. Бейсенова мен үйірме жетекшілері белсене атсалысты. Сонымен қатар, “Аламан” бірлестігі бұл мерекенің жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.
Бұл күн ынтымақ пен достықтың, бейбітшіліктің жарқын көрінісі болды!https://www.facebook.com/share/v/1AC5Lh6TNB/