М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

2025 жылдың 7 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің «Талапкер» әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Жас маман – ертеңгі бас маман» айлық іс-шарасы өз мәресіне жетті.

Айлықтың басты мақсаты – жас педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және мектеп ұжымына сәтті бейімделуіне жағдай жасау болды. Іс-шаралар барысында жас мамандар ашық сабақтар өткізіп, әдістемелік семинарларға қатысып, тәжірибелі ұстаздармен пікір алмасу алаңдарында өз шеберліктерін шыңдады.

Айлықтың жабылу салтанатында белсенді қатысқан жас мамандар мен олардың тәлімгерлері марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Бұл шара жас ұстаздардың кәсіби өсуіне серпін беріп, ұжымдық ынтымақтастықты нығайтты.

«Жас маман – ертеңгі бас маман» айлығының табысты өтуі мектептің педагогикалық ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Мұндай бастамалар жас мамандардың кәсіби жолында сенімді қадам басуына зор ықпал етеді.

https://www.facebook.com/share/v/1JLeAf6w5i/

https://www.facebook.com/share/v/1Kq7L2MXM5/