2025 жылдың 6 мамырында “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Жеңіс күніне арналған ерекше рухани шара өтті. 10-сынып оқушылары дайындаған “На стенке фото пылится” атты әдеби-поэтикалық композиция көрермендердің жүрегін тебірентіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі мен өмір жолын еске алуға арналды.
Композицияны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлім Алмагүл апай ұйымдастырып, оқушылармен бірлесе жоғары деңгейде өткізді.
Шара барысында оқушылар соғыс тақырыбына арналған өлеңдер оқып, көркем көріністер қойды. Бұл — ұрпақтар сабақтастығы мен елге деген сүйіспеншілікті паш еткен әсерлі көрініс болды.
Кеш соңында ұстаздар мен қонақтар терең толғаныста болып, қатысушыларға алғыстарын білдірді.