2025 жылдың 26 мамыры мен 13 маусымы аралығында “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Аталған лагерь жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызықты демалыс өткізу мақсатында ашылып отыр.
Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Мектеп ауласы түрлі шарлармен, әсем безендірілген плакаттармен безендіріліп, балалар үшін ойындар, спорттық жарыстар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шара барысында мектеп әкімшілігі, тәрбиешілер мен ұстаздар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, жазғы демалысты шат-шадыман өткізулеріне тілектестіктерін білдірді.
Ашылу салтанатында ерекше қуанышты сәттердің бірі — демеушілердің қолдауымен балаларға тәттілер мен балмұздақтардың таратылуы болды. Бұл сәт балалардың жүзінде шаттық күлкі мен қуаныш сыйлады.
Жазғы лагерь барысында оқушыларға арналған танымдық, спорттық, шығармашылық бағыттағы түрлі үйірмелер мен іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар балалар табиғат аясында серуендеп, таза ауада демалып, түрлі қызықты ойындарға қатыса алады.
Жазғы лагерьдің алғашқы күні балалар үшін жарқын естеліктер мен жаңа достыққа толы сәттермен басталды. Алдағы күндері де лагерь жұмысы қызықты әрі мазмұнды өтеді деген сенімдеміз.https://www.facebook.com/share/v/1C5tikrfkx/