2025–2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі
Мектептерде бірыңғай педагогикалық кеңестердің өткізілуін мониторингтеу графигі аясында “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске «Өрлеу» біліктілікті арттыру филиалының тренері Азбердиева Нагима Аббасовна, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әділ Кенебаев қатысты.Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы жүргізіп отырды.
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.
Күн тәртібі:
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие жұмысын таныстыру.
Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.