М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

2024 жылдың 10 желтоқсан күні “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан мектепішілік жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – оқушылар арасында патриоттық р

2024 жылдың 10 желтоқсан күні “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай волейболдан мектепішілік жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – оқушылар арасында патриоттық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті дамыту болды.

Жарысқа 7-11 сынып оқушылары арасынан құрылған командалар қатысты. Әр команда өз шеберлігін көрсетіп, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін ұсынды. Ойындар әділдік пен спорттық рухта өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – “Волейбол” үйірмесінің жетекшісі Әсілбек Мәден өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, оқушыларды бір мақсатқа біріктіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Жарыс соңында жеңімпаз командалар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Показать перевод

и ещё 3

Все реакции:

4343