2024–2025 оқу жылы аясында М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 9 “Ә” сынып жетекшісі К. Култаева Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірыңғай ерлік сабағын “Ерлер – елдің қорғаны, елдің тұтқасы!” тақырыбында өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіру, батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтау, отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерді қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар соғыс жылдарындағы батырлардың ерлігі туралы тың мәліметтермен бөлісіп, өлең шумақтары мен көріністер арқылы Жеңіс күнінің маңызын терең сезінді.
Сынып жетекшісі К. Култаева оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда үлкен үлес қосты. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.https://www.facebook.com/share/v/1Ae3jouhVw/