1 - СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Құрметті ата-аналар!
Отырар ауданынының білім бөліміне қарасты “М.Шаханоа атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ 2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайды.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден бастап 31 тамыз аралығында Egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы, электронды форматта жүргізіледі.
1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын (2018
2019 жылғы) балалар қабылданады.
Қажетті құжаттар:
Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
Бала денсаулығы паспорты" 052-2/у анықтамасы;
Профилактикалық егу картасы” 065/у анықтамасы;
3×4 көлеміндегі 2 фотосурет.
Балаңыздың білімді, жан-жақты дамыған тұлға болуын қаласаңыз, алтын ұя мектебімізге балаңыздың құжатын тапсырыңыз!
Балаңызды мектепке уақытылы тіркеуді ұмытпаңыз!
Қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз:
+7 705 231 90 93 Дүйсенбаев Нұрғали Сейілханұлы