1”Ә” сынып ұлдарынан қыздарға мерекелік сый
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің 1”Ә” сынып ұлдары сыныптағы қыздарға арнап ерекше сый жасады. Сынып жетекшісі Атабаева Ақнұр апайдың ұйымдастыруымен өткен бұл шара балалардың бір-біріне деген құрметі мен мейірімін арттырды.
Ұлдар өз сыныптастарына шын жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік сый-сияпаттарын табыстады. Кішкентай арулар күтпеген сыйлықтан қуанып, шаттыққа бөленді. Бұл сәт тек қуаныш сыйлап қана қоймай, достықты нығайтып, сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Осындай жүрекжарды іс-шаралар балалардың ізгілікті, қамқор және мейірімді болып өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Бүлдіршіндерге әрдайым осындай көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын сәттер тілейміз!https://www.facebook.com/share/v/1657U23nVE/