М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Бүгін ауданымызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафеталық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ізгілік пен шаттыққа толы бұл шара Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт кешенінде өтті. Аталған жарысқа аудан көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері ата-аналарымен бірге белсене қатысып, отбасылық бірліктің, өзара түсіністіктің, сүйіспеншілік пен сенімнің жарқын үлгісін көрсетті.

Сайыста М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Сәруар» командасы ерекше көзге түсіп, ұйымшылдық пен шапшаңдық танытты. Команда мүшелерінің белсенділігі мен бірлігі – көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, жауапкершілікке, адалдық пен әдептілікке тәрбиелеу, өзара сыйластық пен құрмет негізінде өмірлік маңызды қағидаларды санаға сіңіру. Мұндай игі бастамалар – ұрпақ тәрбиесіне бағытталған ең маңызды істердің бірі.