Выберите язык

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Тіл бірлігі – ұлт бірлігі – Ахмет Байтұрсынұлы!»

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай тіл мамандары Г. Мейірбек, А. Кеңес және кітапхана меңгерушісі Ж. Алатаеваның ұйымдастыруымен 6 «А», 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл бірлігі – ұлт бірлігі – Ахмет Байтұрсынұлы!» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Әдеби кештің басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды насихаттау.