Выберите язык

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Сенімді дос

Сенімді дос

«СЕНІМДІ ДОС» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «СЕНІМДІ ДОС» балалар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алудағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің рөлі атты алдын алу бағдарламасы таныстырылды.

Бағдарламаны мектептің педагог-психологтары М.Абсаматова мен А.Маханова мектеп әкімшілігіне, персонал қызметкерлеріне, сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагогке және педагогтерге таныстырды.

🎯 Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балалар арасындағы эмоционалдық жайсыздық пен суицидтік қауіптің дабыл белгілерін уақытылы анықтау, , сондай - ақ әрекет ету алгоритмін және әр маманның кәсіби жауапкершілігі мен рөлін түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Кездесу барысында:
🔹 білім алушының психологиялық жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқау;
🔹 эмоционалдық күйзеліс пен дағдарыс белгілерін анықтау;
🔹 оқушымен сенімді қарым-қатынас орнату;
🔹 қиын жағдайға тап болған балаға қолдау көрсету;
🔹 қажет болған жағдайда тиісті мамандарға бағыттау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар білім беру ұйымында қауіпсіз, қолайлы және қолдаушы психологиялық ортаны қалыптастырудағы әр қызметкердің жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

🤝 Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Балаға көрсетілген дер кезінде қолдау, түсіністік пен жанашырлық – оның өзін қауіпсіз сезінуіне және қиындықтарды еңсеруіне маңызды ықпал етеді.

#СенімдіДос
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#БалаҚауіпсіздігі
#ПсихологиялықҚолдау