Отырар ауданының білім бөлімінің 20.03.2025 жылғы №41-10/366 санды хаты негізінде “М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ көктемгі каникул (26-31 наурыз аралығында) кезінде оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырылатынын хабарлайды.
2-9-сыныптар бойынша негізгі пәндерден қосымша сабақтар ұйымдастырылады;
Қосымша сабақтар ата-аналардың немесе заңды өкілдің келісімімен жүзеге асырылады;
Оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтар, ойыншықтар, цифрлық технологиялармен жұмыстар жүргізіледі, саяхат сабақтар ұйымдастырылады;
19 наурыз – ата-аналар мен оқушылардың келісімін жүргізу, демалыс іс-шарасымен таныстыру;
21-25 наурыз аралығында оқушылардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін күшейту мақсатында кезекшілік кестесін құру;
26 наурыз- оқушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толтыру мақсатында биология, химия, география, жаратылыстану пәндерінен қосымша сабақтар сағат 9:00-12:00 аралығында;
27 наурыз – оқуға оқушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толтыру мақсатында орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі және тарих пәндерінен қосымша сабақтар сағат 9:00-12:00 аралығында;
28 наурыз – математика, физика, информатика пәндерінен қосымша сабақтар сағат 9:00-12:00 аралығында жүреді;
31 наурыз – домбыра үйірмесінен қосымша сабақтар сағат 09:00-12:00 аралығында ;